Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты басталды
Алматыдағы Орталық стадионда өрт-құтқару спортынан ұлдар мен жасөспірімдер арасындағы XIII әлем чемпионатының және қыздар мен жасөспірімдер арасындағы IX әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Іс-шараны Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов ашты. Чемпионатқа қатысушыларды қарсы ала отырып, ол алдағы іс-шара жоғары деңгейде өтетініне және әлемнің өрт сөндіру-құтқару қызметтерінің кәсіби деңгейін көтеретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының президенті Александр Чуприян, Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы Атқарушы комитетінің директоры Андрей Калинин және жарыстың бас төрешісі Сергей Бакиров құттықтау сөз сөйледі.
Айта кетсек елімізде жасөспірімдер арасындағы чемпионаттары алғаш рет өтуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СІМ басшысы Өзбекстан елшісін қабылдады
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы