Алматыда өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты аяқталды

Алматыда өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жабылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы Атқару комитетінің директоры Андрей Калинин қатысты.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Спортшылар мен жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов өрт бауырластығы рухында өткізілген жарыстар елдеріміздің авариялық-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық пен достық байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлемдік чемпионатқа Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехияның мықты спортшылары қатысты. Бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы