Алматыда оқушылардың тегін үйірмелеріне 16 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Алматы қаласында мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлінді. Алматылық балалардың 2500-ден астам секциялар мен үйірмелерге қатысу мүмкіндігі бар. Мегаполисте 65 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер секциялар мен үйірмелерге тегін қатысып жатыр, – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы