19 Тамыз 2026, 23:27 Фото: depositphotos.com

Алматыда оқу жылы басталар алдында 300-ден астам мектеп автобусы тексерілді

Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды белгіленген тәртіппен жою бойынша шаралар қабылданды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы полициясы оқушыларды тасымалдауға жұмылдырылатын 300-ден астам мектеп автобусына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында көліктердің техникалық жағдайына, қауіпсіз пайдалануға дайындығына, қажетті құжаттарының болуына және жүргізушілердің кәсіби даярлығына ерекше назар аударылды.

«Балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік – басты міндеттердің бірі. Оқу жылы басталар алдында мектеп оқушыларын күн сайын тасымалдайтын әр автобустың техникалық жағдайы белгіленген талаптарға сай екеніне, ал жүргізушілер өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға дайын екеніне көз жеткізу қажет. Мұндай тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі. Қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау оқу жылы бойы жалғасады», – деді полиция өкілі Әбдінұр Тасыбаев.

Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды белгіленген тәртіппен жою бойынша шаралар қабылданды.

Полицияның мәліметінше, оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау оқу жылы бойы жалғасады.