Бүгiн 2026, 11:11 Фото: depositphotos.com

Алматыда оқу-жаттығу аясында сиреналар қосылды

Дабыл сигналы екі минут бойы естілді.

Бүгін сағат 11:00-де Алматы қаласында оқу-жаттығу мақсатында сиреналар қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Дабыл сигналы екі минут бойы естілді. Одан кейін дауыс зорайтқыш арқылы бұл тексеру тестілік режимде жүргізіліп жатқаны және алаңдауға негіз жоқ екені хабарланды.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жоспарлы тексеру «Көктем 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында өтті.

Тексеру барысында «Баршаңыздың назарыңызға!» сигналы беріліп, электрлі сиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғылары қысқа мерзімге іске қосылды.

Сонымен қатар телерадиоарналардың эфирін уақытша үзу жүйесі қолданылып, тестілік хабарлама таратылды. Қала тұрғындарына сабыр сақтап, дабыл сигналы берілген жағдайда теледидарды немесе радионы қосып, ресми ақпарат көздерін тексеру ұсынылды.