Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсететін қайырымдылық жобасы басталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды қолдайтын «Здоровая Азия» қоғамдық қоры екі компаниямен бірлесіп «Мейірімді өнім» қайырымдылық жобасын бастады. Бұдан былай супермаркеттерден өнім сатып алу арқылы балалар хосписіне көмектесуге болады.
Жобаны ұйымдастырушылардың бірі Мария Ледяева коронавирус індеті әлемнің әр елі үшін қиын сынаққа айналғанын мәлімдеді.
Пандемия – қайырымды жандар тарапынан жасалатын ізгі бастамалардың артуына серпіліс берді. Біз онкологиялық ауруға шалдыққан балалар хосписіне көмек қажет екенін білдік, өйткені карантин олардың қаржылық жағдайын қиындатты. Оның үстіне, хосписте тұрақты тұратын және Хоспистің оңалту бөліміне тіркелген, сондай-ақ жылжымалы қызметтің тұрақты медициналық бақылауындағы балаларға медициналық қолдау қажет. Хосписте қаржылық көмексіз шешілмейтін ай сайынғы қажеттіліктер бар. Сондықтан осы акцияны ұйымдастырып, оларға қолдау көрсетуді ұйғардық. Акцияға «Мелочи жизни» мен «STR8» сауда маркалары да қатысады, – деді М. Ледяева.
Алматыда 8 шілдеден бастап науқанға көптеген сауда жеілілері қосылады. Мария Ледяеваның айтуынша, ол кеше ғана балалар хосписінде болған. Қазіргі уақытта стационарда 13 жасқа дейінгі 6 бала ауыр халде жатыр. Ем алып жатқан жағдайы ауыр науқас пен ремиссия жағдайындағы балалар да бар.
Қазір балалар хосписінің оңалту бөлімінде 12 бала бар. Кейбір балалар үйде тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық топтың бақылауында. Олар да қаржылық қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ көшпелі қызметтің тұрақты қамқорлығында 320 бала бар. Балалар хосписінің миссиясы балаларға қайғы-қасіретсіз жарқын өмір сыйлау. Мұнда балаларға өмірдің қалған күндерін қуанышпен өткізу үшін барлық күш-жігер мен қамқорлық көрсетіледі. Алматының тұрғындары мен оның қонақтары науқас жандарға көмек беретініне сенемін. Сондай-ақ басқа компаниялар да бізге қолдау көрсетеді деп үміттенеміз. Жақсылық жасау оңай, – дейді Ледяева.Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар ірі сауда желілерін қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп, атсалысуға шақырады. Акция Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Өскемендегі сауда желілерін қамтиды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды
Өзгелердің жаңалығы