Алматыда қонақ үй өртке оранды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдада қонақ үй өртеніп жатыр. Бұл туралы ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент таратқан мәліметте Жетісу көшесі 46/6 мекенжайында қонақ үйдің өртке оранғаны айтылады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 3 қабатты қонақ үй кешенінің төбесінен түтін будақтай бастады, өрт сөндірушілер жіберілді, - делінген хабарламада.
Желі қолданушылары оқиға орнынан видео тарата бастады. Кадрдан кешеннің шатыры өртенгенін және сымдардан от ұшқындары шығып жатқанын көруге болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы