Қоқыс шығаратын көлік иесі Алматыға жолаушы тасыған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоқыс шығаратын көліктің жүргізушісі жолаушы тасығаны үшін ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Түнгі сағат екі шамасында Ақын Сара мен Ақсай көшелерінің қиылысында орналасқан №7 бақылау-өткізу бекетінде қоқыс таситын көлік тексерілді. Тізгінде 1994 жылы туған Л. есімді азамат болған. Қасында жолаушы ретінде Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды.
Жүргізуші бұл қадамға ақша үшін барғаны түсінікті. Бірақ әрекеті сәтсіз аяқталды: екеуі де ұсталды. Жүргізуші мен жолаушысының үстінен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша құқық бұзушылық негізінде әкімшілік іс қозғалды. Азаматтарға тағы да төтенше жағдай ережелерін қатаң сақтауды ескерту қажет. Бұл нормаларды елемегендерге кем дегенде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленеді, болмаса 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, – деп хабарлайды Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы