Алматыда оқушы жоғалып кетті
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Instagram-ғы парақшасында жазды.
Құрметті тұрғындар 8 сынып оқушысы Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлына іздеу салынады, - деп жазды ол.
Оның айтуынша, жасөспірім 20 ақпан күні сағат 14:30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.
Оның бойы 1.50 см, шашы қара, қара күртеше, джинсы, көк кроссовка киген, қолында қара түсті сөмке. Қандай да бір ақпарат болса жазуларыңызды сұраймыз, - деп жазды әкім.
Волонтерлердің мәліметінше, бала эпилепсиямен ауырады, сондықтан бағдарсыз қалуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы