Биыл Алматыда «Нұрлы жер» аясында жүздеген отбасы баспанаға ие болады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев онлайн брифингте қаладағы жаңа тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны туралы айтты.
Оның айтуынша, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында жүздеген отбасы баспанаға ие болады. 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 40 млрд теңге бөлініпті.
Биыл қолжетімді тұрғын үйлердің ауқымды құрылысы жалғасуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында Алматы қаласында осы жылы жалпы ауданы 248,5 мың шаршы метр болатын немесе 3 937 пәтерлі қолжетімді тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары бекітілді. Оның ішінде 1 889 пәтер тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі және 2 048 пәтер банк салымшысы мен жергілікті атқарушы органның кезегінде тұрғандар үшін несиелік тұрғын үйге арналған, - деді ол.Бірінші жартыжылдықта Наурызбай ауданының «Алма Сити-5» тұрғын үй кешенінде 38 үйдің құрылысы аяқталған. Бұл Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданындағы 1 110 пәтер немесе 239,29 мың м2 және төрт үй. Бұл - 144 пәтер немесе 12,66 мың м2. Жалпы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1254 пәтерлі немесе 82,37 мың шаршы метр 44 үй пайдалануға берілген.
Сонымен қатар Түрксіб ауданында өткен жылдың соңында «Жас қанат-2» шағын ауданын дамыту басталды. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы тоғыз қабатты 41 үйдің құрылысын қарастырады. Оның ішінде 35 үйде құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар мұнда 1 500 балаға арналған мектеп салынады. Қалған алты үйге конкурс жарияланды. Олардың құрылысы биыл басталып, 2022 жылы аяқталады, - деді басқарма басшысы.Сонымен қатар ол Тұрғын үй салумен қатар білім беру мен денсаулық сақтау әлеуметтік нысандарын кешенді дамыту жүргізіліп жатқанын жеткізді. Құрылысты жүргізушілер өздерінің меншік учаскелерінде мектеп, балабақша мен медициналық мекемелер салуды да қарастырған. Кейіннен бұл нысандар қаланың коммуналдық меншігіне өтеді. Ол бойынша тиісті механизм әзірленіп жатыр екен.
Наурызбай ауданының Таусамалы және Ақжар шағын аудандарында әрқайсысы 120 орынды екі балабақша салынды. Сондай-ақ Әлеуметтік қызметтер үйі, Балалардың әлеуметтік бейімделу орталығы, №23, 71, 186 күндізгі балабақшалар, №81 мектептің және №6 емхананың сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді Нұрашев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жақсылықов карантинде зардап шеккен салалар туралы айтты
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы