Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмады
Алматыда жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын Masalert жүйесін орнатқан еді. Дегенмен бүгінгі жер сілкінісі жайлы ескерту тұрғындарға келмеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі жауап берді.
Ескерту жүйесі (Masalert) EMT қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автоматты режимде іске қосылады. Ұлттық ғылыми зерттеу институтының қорытындысына сәйкес, қалада 3 балл болды, - деді ТЖД-нің ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.
Бұған дейін Алматыда жер сілкінісі тіркелгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда TikTok-қа шектеу бола ма? – Бектенов жауап берді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы