Алматыда Наурыз мерекесінде қаланы безендіру дизайнына байқау жарияланды
«Наурыз мейрамы – 2023» жобасын әзірлеуге қатысты байқауды қаланың мәдениет басқармасы өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мегаполисті билбордтармен безендіру бойынша әзірленген тұжырымдамаларды альбом түрінде ұсыну қажет. Онда билборд дизайны, түс үйлесімділігі және стилистика болуы қажет.
Өтінімдер 31 қаңтардан 20 ақпанға дейін қабылданады. Ең үздік туындыны дизайнерлер одағы, Суретшілер одағы, қала құрылысы басқармасы және т.б. бірігіп таңдайды.
Байқау нәтижесі Алматы қаласы мәдениет басқармасының сайтында жарияланады. Үздік дизайн қаланың жарнама алаңдарына орналастырылады.
Жүлде қоры: 1 орын - 1 млн теңге, 2 орын – 500 000, 3 орын – 300 000 теңге. Дизайнерлік жұмыстар almatymadeniet02@gmail.com электронды поштасы арқылы PDF файл түрінде қабылданады, көлемі 20 Мб-тан аспауы керек әрі бастапқы файл CorelDraw бағдарламасында жасалуға тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан дзюдодан өткен Гран-при турнирін 3 медальмен аяқтады
Өзгелердің жаңалығы