Алматыда «Наркостоп» акциясы өтті
Алматыда ғимараттардың қасбетінде заңсыз есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған «Наркостоп» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара полиция және қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Акция жастардың есірткінің зияны туралы сауатын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Акцияға полициямен бірлесе жұмыс істеген шамамен 200 ерікті қатысып, бір күн ішінде 100-ден астам заңсыз жарнамаларды анықтап, бояп өшірді.
«Біз есірткінің таралуына қарсы күресу үшін біріктік», - деді ерікті Күшқуат Бектұрғанов.
Ұйымдастырушылар жастар үшін қаланы қауіпсіз ету мақсатында осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар псориазды инновациялық емдеуді тегін ала алады
Өзгелердің жаңалығы