Алматыда нарколог есебінде 1100 адам тіркелген

Нашақорлардың арасында «скорость», мефедрон және басқа психоактивті заттар кеңінен қолданыла бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Психикалық денсаулық орталығы» директорының наркологиялық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Әбдібаева мәлімдеді.

Наркологтардың есебінде 1100-ден астам адам тіркелген. Оның ішінде 18 жасөспірім бар. Синтетикалық препараттар соңғы жылдары кеңінен таралып кетті. Нашақорлар арасында «скорость», мефедрон және басқа психоактивті заттар кеңінен қолданылады. Пациенттерімізге отбасыларына қайта оралуға, олардың қоғаммен араласуына көмектесу үшін біз алмастыру терапиясын қолданамыз. Бүгін осы бағдарлама бойынша бізде 29 пациент өтіп жүр. Олар күн сайын таңертең келіп, дәрі қабылдайды. Дәрігерлер мен пациенттердің туыстары бүгінде терапияның оң нәтижелерін көріп отыр, - деп атап өтті Гүлмира Әбдібаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы