Алматыда наразы тұрғындар тасжолды жауып тастады

Тұрғындар жылдамдықты шектеуді талап етіп, "Алматы-Алатау" тасжолын жауып тастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өткен аптада жүк көлігі "Алматы-Алатау" тасжолында бес адамды қағып, салдарынан екі адам қаза тапқан. 

Біз әкімдіктен жол бойы жарық қойып, жылдамдықты азайту белгілерін орнатуды талап етіп келеміз. 10 мамыр күні жүк көлігін басқарған мас жүргізуші бес адамды қағып, екі адам қаза тапқан еді. Адамдар жолдан өтіп, жұмысқа қатынайды. Жоғарғы жылдамдықпен келетін көліктерден әбден шаршадық, – дейді тұрғындар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы