Алматыда музей жәдігерлерін қалпына келтіру орталығы құрылды
Мемлекеттік орталық музейінде 1978 жылдан бастап 200 жылға жуық тарихы бар жәдігерлерге реставрациялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Орталық Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен ашылды.
“Ашық қалпына келтіру орталығын” құрудағы басты мақсат –тарихи мұраларды қаз-қалпында сақтау және музей құндылықтарын қалпына келтіруші мамандардың тапшылығына байланысты болашақ реставраторлар легін қалыптастыру, сондай-ақ орталықта шеберлік сабақтарын өткізу арқылы осы мамандыққа деген жастардың қызығушылығын оятып, көрермендер арасында музей жұмысына деген оң көзқарас қалыптастыру,- деді Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы.
Таныстырылым аясында бірегей экспонаттар қойылған. Сондай-ақ шара барысында Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттеріне метал және керамика бұйымдарын қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.
"Ашық қалпына келтіру орталығының" құрылуы музейге деген қызығушылықты арттырып, музейге көрермендердің көбеюіне септігін тигізбек. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мәселелеріне қызығушылық танытатын көпшіліктің назарын аударары сөзсіз,- деді "Қырым аралы" ғылыми-қалпына келтіру зертханасының дизайнері және реставраторы Элина Алтынбекова.