Алматыда «Мусорги» экологиялық акциясы өтті

Экобелсенділер, суретшілер және қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар қоқыстан кейіпкерлер жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Авторлардың ойынша, бұл құбыжықтар экология үшін күрес жоғалған кезде пайда болатын жердің жаңа тұрғындары. Қаладағы аудан санына сәйкес барлығы сегіз кейіпкер жасалды. 

Әрбір образ шығармашылықтың ғана емес, сонымен қатар көп сағаттық жұмыстың нәтижесі. Киім жасау ғана емес, оған ат қойып, «жан бітіру» де маңызды. Әуе ханшайымы ауаның ластануын, ал Қоқыс бике Мұңайбайқызы мұнайдан өндірілетін барлық қоқысты, соның ішінде пластик пакет, бөтелке және т.б. Алматының табиғи көрікті жерлеріне тұрғындар тастайтын заттарды бейнелейді. 

Акцияны Панфилов көшесіндегі шеру қорытындылады. Жобаның мақсаты – шамадан тыс тұтыну мен қоршаған ортаның ластану мәселелеріне қоғам назарын аударту. Бұл 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Dump gallery кеңістігінде өтетін өзімен аттас көрме қарсаңында ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы