Алматыда мұқтаж жандар қандай әлеуметтік көмек алады
Алматыда зейнеткерлерді қосқанда, аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егер отбасының табысы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаса (бұл шамамен 149 мың теңге), әлеуметтік көмек алуына мүмкіндік бар.
Мәселен,бшған 7 немесе 20 АЕК мөлшеріндегі төлемдер, су мен газ есептегіштерін орнату және тексеру, сонымен қатар, санаторийде емдеу шығындарын өтеу кіреді.
Сонымен қоса, сегіз санатқа жататын алматылықтар коммуналдық қызметтерге тарифтің өсуіне байланысты ай сайынғы көмек көрсетіледі. Бұл көмекке 107 мыңнан астам адам өтініш берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы