Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды
Алматыда самокат мен мотоциклдің соқтығысып, салдарынан самокат тізгіндеген азамат қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Сейфуллин даңғылында, Тимирязев пен Сәтбаев көшелерінің арасында болған.
Yamaha мотоциклін мінген жүргізуші Сейфулин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта, ал самокатты жалға алған тұрғын солтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Ол солға – Политехническая көшесіне бұрыла бастаған, бірақ дұрыс есептемей, мотоциклдің дәл алдына бұрылған. Мотоциклші қатты жылдамдықпен оны қағып кеткен.
Самокат, мотоцикл және оны айдап келе жатқан екеуі де екі жаққа, бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем зардап шеккен екеуін де алып кетті. Бірақ көлік қозғала бастағанда-ақ самокат мінген тұрғын қайтыс болды. Мотоцикл жүргізушісі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Жол полициясы қызметкерлері оқиға орнында тексеріс бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы