Алматыда мопед жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысып қаза болды

Алматыда мопед жүргізушісімен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған. Toyota Land Cruiser 200 көлігі Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан сәтте мопед жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп соқтығысқан.

Қалалық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні 21:20-да Жұмабаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында мопедпен Toyota автокөлігі соқтығысқан. Нәтижесінде мопед жүргізушісі қаза тауып, жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, жол жүру ержесін мопед жүргізушісі өрескел бұзғандықтан, осы жол-көлік оқиғасы орын алды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды, - дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы