Алматыда мопед ұрылары ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Жедел уәкілдер ұсталған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлаудың 5 дерегіне қатысы барын дәлелдеп отыр.

Ұсталғандар – 1999 жылы туған Н.есімді азамат және 2002 жылғы И.есімді азамат, заңсыз баю мақсатында түнгі уақытта көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз қалған көлік құралдарын «тауып» алып, оларды ұрлаған және жасырып қойған.  Кейіннен сатып жіберген.  

Қылмыстық істер барлық деректер бойынша тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігінің 2 тармағы - ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру бойынша бір өндіріске біріктірілді, - дейді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Қазіргі таңда тергеушілер күдіктілерді, бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеруде.  Жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы