Алматыда мопед пен көлік соқтығысып, 25 жастағы қыз көз жұмды
Жол апаты қаланың Түрксіб ауданындағы Ержанов көшесіде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға салдарынан мопедтің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 05:40-та Алматының Түрксіб ауданында болған. Мопед жүргізушісі Ержанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мопедтің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы