Алматыда монша кешені өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласындағы монша кешені өртенді.

2021 жылы 5 қыркүйекте таңғы сағат 7: 49 -да өрт сөндіру бригадалары Медеу ауданындағы  Керей мен Жәнібек Хандар, 452 көшесінде орналасқан моншада өрт шыққаны туралы хабарлама алып, шығып кеткен. «Ла Куппель» екі қабатты монша кешенінің бу бөлмесінен өрт шыққан. Ғимарат пеноблоктан және ағаштан жасалған. Өрт  жақын маңдағы кешеннің екі ғимаратына таралу қаупі бар, - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы