Алматыда Момышұлы көшесі уақытша жабылады

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінің учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1-УЧАСКЕ:
10 тамыз күні сағат 23:00-ден 12 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Дарабоз шағын ауданына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф.Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағын ауданы арқылы айналып өтуге болады.

2-УЧАСКЕ:
12 тамыз күні сағат 23:00-ден 14 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Дарабоз шағын ауданынан Мөңке би көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Аумақты Рысқұлов даңғылы және Ф.Оңғарсынова, Универсиадная, Мөңке би көшелері мен Ақбұлақ шағын ауданы арқылы айналып өтуге болады.

3-УЧАСКЕ: 
14 тамыз күні сағат 23:00-ден 16 тамыз күні сағат 11:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Талдыарал, Еспаев, Қ. Шәріпов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөндеу жүргізілетін аумақтарда ескерту белгілері мен мердігер ұйымның жауапты тұлғасының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер орнатылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған, - делінген қалалық әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы