Алматыда ММА Гран-приі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 7 тамыз күні Алматы қаласында аралас жекпе-жектен ауқымды турнир өтпек. Еліміздің спортшылары ғана емес, сонымен қатар, көрші елдердің де танымал өкілдері қатысады.

Осыған байланысты Алматы жекпе-жек клубының президенті және Alash Pride промоутері Данияр Қасқарауов алдағы жарыс туралы өз пікірін білдірді.

27 маусымда Шымкентте Alash Pride Гран-при-66 аясында жартылай финалдық кездесулер өтті.Оның қорытындысы бойынша Бақдос Олжабай (Алматы) және Әділет Нұрматов (Қырғызстан) финалға шықты. Енді екеуі алдағы жекпе-жек кешінде 66,1 келі салмақ дәрежесінде басты белбеуге таласады. Бақдос – Алмас Ализаковтың шәкірті. Ол осы спорттағы тәжірибелі мамандардың бірі.. Шымкенттегі соңғы турнирде Олжабай екі кездесу өткізді. Сол жолы Байжан Элдиярұлы және Қылышбек Садирдиновпен (екеуі де Қырғызстан) жоғары деңгейде жұдырықтасып шықты. Әрине, Нұрматов жерлестерінің жеңілістері үшін есесеін қайтаруға тырысады. Сол себепті, бұл жекпе-жектің нәтижесін болжау өте қиын. Спортшылардың әрқайсысы жауапты жекпе-жекке лайықты дайындалатынына және біз ымырасыз шайқастың куәсі болатындығымызға сенімдімін, - деді ол.

Сонымен қатар кештің негізгі жекпе-жегінің бірінде сегіз бұрышқа шығатын Зәмзәмгүл Файзолонованың қарсыласы туралы да айта кетті.

Кештің сәнін келтіретін нәзік жандылардың кездесуі Зәмзәмгүл Файзолонова (Қазақстан) және Хожонисо Комолдинова (Өзбекстан) арасында өтеді. Зәмзәгүл – өзінің мықтылығын бірнеше рет дәлелдеген тәжірибелі спортшы. Ал өзбекстандық қарсыласы үшін бұл жекпе-жек ММА-дағы алғашқы жұдырықтасуы болмақ. Файзоланованың шеберлігіне күмәнданудың қажеті жоқ. Бірақ тәжірибе мен жастықтың қайсысы алдыға шығатынын уақыт көрсетеді. Замзагүл ұзақ үзілістен кейін сегіз бұрышқа оралып отыр. Сондықтан дебютантпен бәсекеде өзінің жауынгерлік дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысын барыныша көрсету керек болады, – деді Данияр Қасқарауов.

Айта кетейік, 7 тамыз күні ММА жанкүйерлерін бірқатар қызықты жекпе-жектер күтіп тұр. Турнирде 57 келіге дейінгі салмақта Гран-при басталады. Осы кеште Ғалымжан Қанаев, Ерасыл Шұғатаев, Самир Ахмедов, Мақсат Есболатов сияқты жанкүйерлерге жақсы таныс жігіттердің өнеріне куә боламыз., Көрермендер жекпе-жек кешін QazSport телеарнасынан және Alash Pride Grand Prix-67 арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы