16 Тамыз 2026, 17:47
Фото: istockphoto.com
Алматыда Mitsubishi жүргізушісі бұрылыс кезінде 20 жастағы қызды қағып кетті
Зардап шеккен қыз дене жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Алматыда Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі Өтеген батыр көшесінде бұрылыс жасау кезінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан 20 жастағы қыз зардап шекті.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жүргізуші даңғыл бойымен батыс бағытта келе жатқан. Солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Алматы полициясы жүргізушілерді маневр жасау кезінде аса мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін ескеруге шақырды.