Алматыда Mitsubishi Lancer көлігі автобуспен соқтығысты: жүргізуші ауруханаға жатқызылды
Бүгін таңертең Алматыда Mitsubishi Lancer мен Kaessbohrer Setra автобусы қатты соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, туристік автобус Назарбаев даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан, ал көлік Мәметова көшесімен шығысқа қарай жүріп, Назарбаев даңғылына солға бұрылған.
Түсініксіз жағдайда Mitsubishi Lancer жүргізушісі қарсы жолаққа толығымен шығып кеткен.
Сосын бар жылдамдықпен автобусқа соғылды. Оқиға салдарынан Mitsubishi Lancer жүргізушісі ауыр жарақат алып, жедел түрде ауруханаға жатқызылды.
Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы