Алматыда митинг өткізуге кім рұқсат береді?

Алмалы ауданының тұрғыны қала әкіміне митингке қатысты сауал қойды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Митингке шыққан адамдардың үстінен полиция әкімшілік іс қозғап, айыппұл салып жатады. Алматыда митинг өткізуге сіздің руқсат беру, бермеуіңіз Конституцияға қайшы деп ойламайсыз ба?!. Бұл Адам құқығы жөніндегі халықаралық конвенцияның талаптарына қайшы. Адамдарды кейде 15-25 тәулікке дейін қамауға алып жатады. Бұл бойынша шенеунік Қылмыстық кодекстің 450, 361, 362, 363, 369- баптары бойынша қылмысқа тартылуы мүмкін. Маған митингге шыққаныма әкімшілік айыппұл салынды. Ол жайлы не айтасыз? – деді қала тұрғыны.

Қала әкімі тұрғынның сұрағына жауап берді. Әкімшілік айыппұл сот шешімімен салынатын атап өтті.

Былай айтқанда, бәрі заң бойынша. Жаңа сіз біраз баптарды атап өттіңіз. Бірақ сотқа барып, әкімдік дұрыс істеп жатыр ма, жоқ па деп білу, сіздің өзіңіздің құқығыңыз. Ондай қағаздармен, құжаттармен кіруіңізге болады. Басқа жұмысты заң бойынша бәрін істеп жатырмыз. Басқа өзгерістер болмайды. Енді осы жылдан бастап, өзіңіз білесіз, Конституциялық сот бар. Арыз жазып, анық-қанығын білуге мүмкіндігіңіз бар. Бәрін заң бойынша істейік. Әкімшілік айыппұл дегенді біз салмаймыз, сот шешімімен салынады. Сіз келіспесеңіз, апелляцияға беруіңізге болады. Басқа да өтініштерді беруге құқылысыз, – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы