Алматыда метал өңдеу цехы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехынан өрт шықты.

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06:59 - да өрт сөндіру бөліміне Әуезов ауданының тұрғынынан Райымбек даңғылы, 348 мекен-жайында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. 

Оқиға орнына 6 минутта келген өрт сөндіру бригадасы түрлі-түсті металды қайта өңдеу цехында электр трансформаторының жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын цех төбесіне таралып үлгерген. Алдын-ала ақпарат бойынша өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше өрт 08:57- де оқшауланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы