Алматыда мешіт өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Жас қанат ықшамауданында салынып бітпеген мешіт өртке оранды.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркісіб ауданында орналасқан мешіт түңгі сағат 23.00 шамасында өртене бастаған.

«Кеше 23.14 кезінде Алматы ТЖД-нің 101 қызметіне Түркісіб ауданында салынып бітпеген мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарланды. Ол Жас қанат ықшамауданында Баймағамбетов көшесі 131-де орналасқан екен. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі 7 минут өткенде сол жерде болды», - дейді ТЖД өкілі.

Өрт сөндіру жұмыстары бір сағатқа созылып, түнгі 00.32 кезінде толықтай өшірілген.

«Негізінен мешіттің төбесі өртенген. Өрттің жайылу аумағы 250 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы