Алматыда мектеп құрылысы мерзімінен кешігіп жатыр: әкім бақылауға алды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Тұрғұт Озал көшесіндегі №58 мектептің қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан алаңға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Жоба аясында 576 орындық қосымша корпус салынып, заманауи оқу сыныптары, спорт залы, асхана және акт залы ашылуы тиіс. Сондай-ақ ғимараттың шатырынан бастап инженерлік желілеріне дейін толық жаңартылады.
Алайда нысанның құрылысы мерзімінен кешігіп жатыр. Жоспар бойынша ол 2025 жылдың желтоқсанына дейін аяқталуы керек еді. Әкім мердігерге жағдайды түзету үшін екі апта уақыт берді.
Бұл нысан – менің жеке бақылауымда. Егер алға жылжу болмаса, келісімшартты бұзамыз. Мердігерлер жұмысқа өздері жауап беруі керек, міндетін субмердігерлерге жүктей алмайды, – деді Дархан Сатыбалды.
Білім басқармасы мен құрылыс басқармасы апта сайын атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп отырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда көпқабатты үй өртеніп, 28 адам эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы