Алматыда медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандарты енгізіледі

Алматыда VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы өтіп, онда депутаттар бірқатар мәселені қарады, оның ішінде «Алматы қаласының медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандарты» бағдарламасын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі үшін басты басымдық тиімді медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту болып табылады.

Мегаполисте 1,8 млн адамға 40 мемлекеттік емханада, ал 517 мың адамға 36 жеке емханада қызмет көрсетіледі. Балалар мен қарттар сияқты тұтынушылар көп тұратын жерде медициналық қызметке жүгінушілер санының тұрақты түрде өсіп отырғаны байқалады. Бұл фактор денсаулық сақтау инфрақұрылымына, әсіресе бүгінгі күні 2 есе шамадан тыс жүктелген МСАК ұйымдарына үлкен әсерін тигізеді.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыру аясында Алматы қаласының әкімдігі Жол картасын, оның ішінде «Инклюзивті орта, білім беру және медицина» бағыты бойынша бекітті, онда амбулаториялық-емханалық көмекті дамытудағы кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін медициналық-емханалық алғашқы көмектің бірыңғай стандартын әзірлеу мен Алматы қаласының санитарлық көмегіг (бірыңғай стандарт) енгізуге бастамашылық жасалды, - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков.

Алматы қаласының медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандарты аясында көзделгендер:

  • жобалық-технологиялық шешімдерге, медициналық қызмет көрсету регламенттеріне, менеджмент пен цифрландыруға көзқарастарды біріздендіру және стандарттау
  • қаланың полицентристік даму қағидаттарына, халық үшін «қадамдық» қолжетімділік қағидаттарына сәйкес емханалар салу.

2024 жылы мемлекеттік меншіктегі 13 МСАК медициналық нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуін аяқтау жоспарланып отыр. 2027 жылы мемлекеттік меншіктегі МСАК-тың 49 медициналық нысандарын (үй-жайларын) жобалауды, салуды және күрделі жөндеуді аяқтау және техникалық тексеру, ҚМЖ бастау және жеке меншік нысанындағы 36 емхананы күрделі жөндеу жоспарланған.

Бекітілген халыққа байланысты Бірыңғай стандартта медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының үш деңгейлі құрылымы көзделген:

1. Ауысымына 200 адам қабылдайтын медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы бекітілген халық саны 5 000-нан 30 000 адамға дейінгі аумақтық қызмет көрсету аймағы шегінде құрылады. Жалпы ауданы 4000-нан 5800 м2-ге дейін.

2. Бір ауысымда 300 адам қабылдайтын қалалық емхана бекітілген халық саны 30 мыңнан астам адаммен құрылады. Жалпы ауданы 6800-ден 8500 м2-ге дейін.

3. Бекітілген халық саны 50 мыңнан асатын ауысымда 500 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтары бар қалалық емхана. Жалпы ауданы 7000-нан 10000 м2-ге дейін.

Дәрігерлік қызметкерлерге жүктемені азайту және дәрігерді күнделікті жұмыстан босату үшін, мысалы, рецепттер, жолдамалар, алғашқы тексеру, бірыңғай стандартта осы өкілеттіктерді жоғары білімі бар мейірбикеге беру қарастырылған.

Бұған қоса, Бірыңғай стандартта көшпелі бригаданы ұйымдастыру арқылы МСАК-тың үйде қызмет көрсету функциясын оңтайландыру көзделген.

Көшпелі бригадаға қызмет көрсету пациенттің учаскелік дәрігерге қаралмай-ақ науқастың жергілікті жерде тест тапсыру арқылы қызметті көп күтпей-ақ алу мүмкіндігіне жол ашады.

Бірыңғай стандарт аясында сыртқы (мемлекеттік органдар) және ішкі (пациенттерді қолдау қызметі) медициналық қызметтердің сапасын бақылау көзделген. Сапа критерийі Алматы қаласы емханаларының бірыңғай стандарты шеңберінде медициналық көмектің жоғары деңгейін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. 

Бұл пациенттерге күтім жасау деңгейін арттыруға, емдеу нәтижесін жақсартуға және медициналық ұйымдардың дамуына ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы