Алматыда медициналық мекеме отқа оранды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы өртенді. 

Алматы қаласы ТЖД мекемесіне Алмалы ауданы Панфилов көшесi 139 мекенжайында 3 қабатты ғимараттың шатыры өртенгені туралы мәлімет келіп түскен.

Департаментiнiң күштерi мен құралдары  шақыртудың жоғары деңгейiмен жұмыстар атқаруға бірден кірісті. Оқиға орнына жедел топ пен 109 құтқару қызметiнiң  эвакуаторлары жiберiлдi, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеткен ТЖД-нің жедел қызметі ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіріпті.

Өрттi cөндipy үшiн 3 әскери учаске құрылып, ғимараттың iшiнде адамдардың бар жоғына барлау жүргiзiлдi. Өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Ғимараттың оңтүстiк-шығыс  жағындағы өрт оқшауланды. Сумен үздiксiз қамтамасыз етiлуде. Күштер мен құралдар жеткiлiктi құрамда. Өрттiң ошағын анықтау үшiн шатырдың төбесi ашылды, - делдінген хабараламада.

Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібековтың айтуынша, сағат 15.59 кезінде кезекші бөлімге ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы өрт шыққаны туралы хабарланған.

4 минут ішінде өрт сөндіру құрамы оқиға орнына жетті. Олар келісімен үш қабатты ғимараттың шатыры өртеніп жатқанын байқаған. Бірден өрт оқпандары іске қосылып өртті өшіруге кірісті. 60 текше метрге жайылған өрт сөндірілді. Оның ары қарай тарауына жол берілмеді, - деді ол.

Өрт сағат 16.48 кезінде толықтай өшірілді, ғимараттан 23 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Құрбандар мен жарақат алғандар жоқ, қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы