Алматыда медицина қызметкерлері 14 млрд теңге үстемеақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифингте COVID-19-бен күреске жұмылдырылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау шаралары туралы айтты.

Ковидпен науқастанған пациенттермен инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін мегаполистің медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттарына қарай ай сайынғы үстемеақыларын алады. Ағымдағы жылдың 9 айында жалпы сомасы 14 млрд тг астам төлем жүргізілді. Осы кезеңде ай сайын 3,5 мыңнан 7,5 мыңға дейін медицина қызметкері үстемеақы алды.

КВИ-мен күрес барысында жұмыс орнында бұл дертті жұқтырып, науқастанып қалған 1491 медицина қызметкері белгіленген төлемді алды. Бұған қосымша 50 медицина қызметкері жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер алды. Бүгінгі таңда кадрлық резервте 2450 медицина қызметкері бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы