Алматыда медиация күніне орай ашық есік күні өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында Республикалық бірыңғай медиация күніне орай «Республикалық ашық есік күні» өтіп жатыр.

Шара аясында Алматы қалалық Соты, Алматы қалалық Прокуратурасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы,  АХАЖ, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі, Алматы қаласы ҚХА, Nur Otan партиясы, халықаралық Медиация орталығы өкілдері қатысып, еңбек, заң және басқа даулар бойынша халықты қабылдап, кеңес беруде. 

«2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Медиация туралы» Заңға қол қойды. Сол жылдың 5 тамызынан бастап Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР «Медиация туралы» Заңын қолданысқа енгізді. Медиация тараптардың дауын тиімді шешіп беруге арналған. Қазірге күні жергілікті атқару орындарында 20 кәсіби емес медиатор тіркелген, оның 13-ші Алматы қалалық Қазақстан халықтары ассамблеясының қызметкерлері. 2015 жылдың 23 желтоқсанынан бері қаладағы «Достық үйінде» республикалық медиатция бөлмесі жұмыс істеп келеді»,- дейді Алматы қалалық ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, медиация халықтың дауын сотқа жеткізбей, екі тараптың сұранысын қанағаттандыра отырып шешу әдісі. Мұндай тәсіл қазақ халқында бұрыннан бар, оны елге танымал билер мен ықпалы бар құрметті адамдар жүргізіп келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы