Алматыда Медеу ауданындағы көшеде қозғалыс шектеледі

18 қыркүйек сағат 7:00 бастап 19 қыркүйектің сағат 7:00 дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталған қиылыс бойынша қозғалыс екі жаққа қарай жабылады

Уақытша шектеулер жалпы ұзақтығы 305 метрді құрайтын құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Бұл құбыржол 5 көппәтерлі тұрғын үйді және тағы 4 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы