Алматыда мас әйел жаяу жүргіншіні көлікпен қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік апаты Розыбақиев көшесінде MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болған.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Ойын-сауық орталығының жанында 1992 жылғы жүргізуші қыз рөлге ие бола алмай қалып, жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, сол жердегі ер адамды қаққан.

Алған жарақатынан ер адам сол жерде көз жұмған.

Қазіргі уақытта қайтыс болған ер адамның кім екені анықталып жатыр. Медициналық сараптамадан кейін жол апатына кінәлі жүргізушінің қан құрамынан алкоголь табылған.

Қазіргі уақытта жол апаты болған жерде оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында криминалистер, жол полиция қызметкерлері мен анықтаушы жұмыс істеп жатыр.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы