Алматыда мас күйінде екінші рет көлік жүргізген адам сотталды
Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылы мас күйінде рөлге отырып, көлік жүргізу куәлігінен айырылған жүргізуші осы жолы тағы да ішімдік ішіп көлік жүргізген.
Алматы сотында екінші қайтара мас күйінде көлік жүргізген адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы З. алкогольдік мас күйінде екінші рет автокөлік жүргізген. Ол 2019 жылы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін кінәлі деп танылды және оған үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза кесілген, - делінген хабарламада.
Сотталушы алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін, оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін және көлік құралын басқарудан айырылған адам екенін біле тұра рөлге отырған. Көлікті масаң күйде жүргізген оны полиция қызметкерлері жолда тоқтатқан.
Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкінді.
Соттың үкімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, көлік құралын басқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сондай-ақ жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтей отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы