27 Қараша 2026, 23:55
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Алматыда мас күйде экскаватор жүргізген шетелдік жауапқа тартылды
Құқық бұзушыға әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.
Алматының Наурызбай ауданында патрульдік полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің арасында экскаватор жүргізіп жүрген мас жүргізушіні тоқтатты.
Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны медициналық куәландыру арқылы расталды. Сондай-ақ оның Өзбекстан азаматы екені және жүргізуші куәлігі жоқтығы анықталды.
Оқиға бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды. Құқық бұзушыға әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.