Алматыда марафонға байланысты 74 қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді

Алматыда марафон шарасына байланысты 29 қыркүйек күні мегаполисте бірқатар көше жабылып, кейбір қоғамдық көліктердің жүріс бағыты уақытша өзгереді.

Осыған байланысты таңғы сағат 06:00-ден 12:30-ға дейін 74 автобустың бағыты өзгеріп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады.

Әрбір маршруттың уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасындағы мына сілтемеге кіріп толық танысуға болады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Марафон Республика алаңында басталып, сол жерде аяқталады. Сондықтан Сәтбаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін екі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00-ден 29 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жабылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы