Алматыда марафонға байланысты кейбір көшелер жабылады
Алматы, BAQ.KZ. 13 қазан күні Алматы жартылай марафоны кезінде сағат 0:00 бастап 12:30 дейін автокөлікке арналған жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Әл-Фараби даңғылы бойымен Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 0:00 бастап 12:30 дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 7:20 бастап 8:00 дейін жабылады.Әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесінен бастап Шашкин көшесіне дейін сағат 07:00 бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін сағат 03:00 бастап 11:30 дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
С.Сейфуллин даңғылы бойымен Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейінсағат 07:30 бастап 10:00 дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толықтай жабылады.
Абай даңғылы бойымен С.Сейфуллин даңғылынан бастап Сайын көшесіне дейін сағат 07:20 бастап 12:00 жабық болады. Солтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Сайын көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:00 бастап 11:00 дейін жабық болады. Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Мәліметтер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын үнемді бөлуді есебімен енгізілді.
Тұңғыш Президент Саябағына автокөлікпен өтуге кеңес етілген бағдар:
1. Мұстафин көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
2. Науаи көшесімен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
3. Садықов көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
4. Дулати көшесімен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін.
Жолдардың бос болмауына байланысты қатысушыларға сөре орнына (Тұңғыш Президенті Саябағы) Әл-Фараби және Мұстафин көшелері қиылысына дейін автобуспен баруға кеңес береміз. Сөре (Тұңғыш Президенті Саябағы) және мәре (Орталық стадион) жанындағы тұрақтарға көлікті қоюдың қиындауы мүмкін екенін ескертеді.
13 қазан (жексенбі) күні екінші Алматы жартылай марафоны өтеді. Жарыста 2 қашықтық: 21,1 км және 10 км көрсетілген. Ол кезде 5000 жуық қатысушы старт алаңына шығады. 10 шақырымдық жарыс сағат 08.00 басталады, ал 21 км қашықтықтағы сайыс сағат 08.20 басталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин: Семей - Қазақстанның тәуелсіз тарихында ерекше орын алады
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы