Алматыда МӘМС есебінен 97 млрд теңгеге қызмет көрсетілді

МӘМС арқылы ағза алмастыру операцияларына құны 551,8 млн теңгеден асатын 83 трансплантация жасалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.

2024 жылы МӘМС арқылы 128 мыңнан астам операция жасалып, оған 79,1 млрд теңге төленген. Оның ішінде жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляцияларға Қор 14,7 млрд теңге төледі. Сақтандырылмаған азаматтар осындай операцияларды жасататын болса қалтасынан бірнеше миллион төлеген болар еді. 2024 жылдың 9 айында  Алматы қаласында 5200 кардиохирургиялық операция, 3300 нейрохирургиялық ота, лор-профилі бойынша 250 операция жасалған. Соңғы кезде артроз, артрит сынды буын ауруларының көбеюіне байланысты тізе, жамбас буындарын алмастырушылар саны күрт артқаны белгілі. 2024 жылы алматылық травматологтар осындай 3500 операция жасаған. Оған МСҚ 5,2 млрд теңге төледі, деді Ілияс Мұхамеджан.

Сонымен қатар, ағза алмастыру операциялары да МӘМС арқылы қаржыландырылады. 2023 жылы құны 551,8 млн теңгеден асатын 83 трансплантация жасалды. Мұндай бір ғана отаның өзі орта есеппен алғанда 7-9 млн теңге тұрады. Осы қызметтердің бәрін сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы қиындықсыз пайдаланып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: - архив
Өзгелердің жаңалығы