Бүгiн 2026, 14:10 Фото: видеодан скриншот

Алматыда мамандар балаларды оңалту орталығында тәрбиеленушіге қорлық көрсеткен

Кішкентай баланың қолын қайырып, мойнынан қылқындырып, күштеп еңкейткен.

Алматыдағы оңалту орталығының тәрбиеленушісіне жасалған қорлықты полиция тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желіде Алматыда оңалту орталығында балаға қатыгездік көрсетілген сәттегі видео тарады. Бейнежазбада кішкентай баланың қолын қайырып, мойнынан қылқындырып, күштеп еңкейтіп жатқаны көрінеді.

Аталған дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті түрде анықтау, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің заңдылығын бағалау мақсатында қызметтік тексеру тағайындалды. Тексеру аясында қызметкерлердің іс-әрекеттеріне әкімшілік заңнама талаптарының және кәсіби әдеп нормаларының сақталуы тұрғысынан құқықтық баға берілетін болады, – делінген департамент хабарламасында.

Тергеу нәтижелері бойынша құқық қорғау органдары барлық қатысушылардың іс-әрекетіне баға береді.

Қылмыстық іс тіркелді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мен анасымен байланыстамын. Алматы қалалық психологиялық қолдау орталығында, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау орталығында қолдау көрсету ұсынылды, - деп хабарлады Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан.