Алматыда ЛГБТ шеруіне рұқсат берілмеді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында ЛГБТ шеруін өткізуге рұқсат берілмеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдік таратқан мәліметте, 2019 жылдың 23 тамызында Айдар Елекеев атты азамат 30 тамыз бен 8 қыркүйек күні қаладағы «Сарыарқа» кинотеатры артындағы гүлзарда ЛГБТ қауымдастығының құқығын қорғау мақсатында шеру өткізу жөнінде екі өтініш жазғаны айтылады.

«Өтініштер 1995 жылы 17 наурызындағы №2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер және шерулер өткізу және ұйымдастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес қаралды. Берілген өтініш жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес келмегендіктен оған түсіндіру сипатында жауап берілді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласында да ЛГБТ шеруіне рұқсат берілмеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы