Алматыда Lexus көлігі Есентай өзеніне түсіп кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жол талғамайтын Lexus 570 көлігі жолдан шығып кетіп, Есентай өзеніне құлады. 

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Оқиға қаладағы Қабанбай батыр мен Қожамқұлов көшелерінің қиылысында болған. Жол дәл осы жерде аяқталады және әрі қарай өзеннің қоршаулары кетеді.

Көлік жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Қатты келе жатқан көлік тоқтамастан өзенге бірақ түскен. Зардап шеккен жүргізушіні жедел жәрдем алып кетті, - делінген таратылған ақпаратта.

Алматы полициясының болжамынша, жүргізуші рөлге ішімдік ішіп отыруы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы