Алматыда «L-Капитал» компаниясының басшысы ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Бұған дейін Алматы полицейлері салымшылардың арызынан кейін «L-Капитал» компаниясына қатысты тексеріс жұмыстарын бастағанын мәлімдеген.
Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталған. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған компанияның салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фторидтің балалар тісіне әсері
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы