Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған ескерткіш ашылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Іс-шараға Алматы ПД-нің басшылығы, аудандық ПБ-ның жеке құрамы, ардагерлер кеңесінің өкілдері және қайтыс болған қызметкерлердің туыстары қатысты.
Ескерткіш құқық қорғау органдарының қатарында және олардың туыстары мен әріптестерінің есінде мәңгі қалған тәртіп сақшыларының құрметіне жасалды. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдарында 37 алматылық полицейлер қызметтік міндеттерін орындау барысында, қылмысқа қарсы күресте қайтыс болды. Біздің қасиетті борышымыз – олардың естелігін құрметтеу, олардың ерліктерін мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және отбасыларын барлық жағынан қолдау, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.
Спикердің айтуынша, бұдан былай ескерткіштің аясында жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтеді, ал мереке күндері салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркияда бірнеше провинцияны сел шайып кетті
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы