Алматыда қылмыс деңгейі 21%-ға төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қылмыс статистикасы 21%-ға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Карантиндік қатаң шаралар мен заманауи шешімдеріміздің арқасында қылмыстар саны 21%-ға азайды. Сонымен қатар, қылмысты ашудың көрсеткіші жақсарды. Біз жұмысты ұйымдастыруды қайта қарадық. Маңызды шешімдердің бірі 2019 жылы басталған модульдік полиция бекеттерін орнату болды. Талдау нәтижесі бойынша, ең алдымен қылмыстық қаупі бар жерлерде 20 пост құрылды. Мұндай қызмет түрі халықпен тығыз байланыста болуға, жақын маңда орналасуға мүмкіндік берді. Полиция посттарының болуы аумақтардағы құқық бұзушылықты азайтуға, тіпті алдын алуға қажет. Өткен жылы тағы 17 осындай пост орнатылды. Олар патрульдеу жүргізілетін аймақтардың орталығына қойылды және көлік нарядтарын үйлестіреді. Осы жылдың аяғына дейін біз әртүрлі аудандарда қосымша жеті пост орнатамыз, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Оның айтуынша, қылмыстың төмендеуіне ықпал ететін тағы бір фактор – патрульдік полиция қызметкерлерінің 30%-ы автокөліктен жаяу жүру қызметіне ауысуы.
Жаяу жүру бағыты кезінде бізде бейнекамералар жоқ жерлер, жарықтандырылмаған орындар, сондай-ақ есепте тұрған адамдар тұратын мекенжайлар қарастырылған. Нәтижесінде көшедегі қылмыстың 3,8 есеге төмендеуіне қол жеткіздік. Екінші жартыжылдықтан бастап жаяу патрульдер санын 50%-ға дейін жеткіземіз, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы