Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ескерткіш ашылатын жерге тас орнату жұмысына қатысты.
Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парқшасына бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне көрсетілген алғыстың символына айналатынын атап өтті.
Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш КВИ пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды, - деп жазды әкім.
Бұл ескерткіш С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы аллеяға қойылады.
Сондай-ақ ол жерге 20 қарағай ағашы отырғызылды.
Ескерткіш орнын белгілеу салтанатында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚХА-ның Алматы кеңесінің төрағасы А. Шардинов және тағы басқа танымал тұлғалар өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды
Өзгелердің жаңалығы