Алматыда күзде салынған тротуар қайта жөнделеді
Әлеуметтік желілерде күзде ғана салынған тротуардың қайта бұзып жатқан бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді. Жол төсемін мердігер ұйым өз қаражаты есебінен жөндемек.
2023 жылы "ҚазҚСҒЗИ Дортранс" ЖШС мердігер ұйымы Әуезов ауданында техникалық тротуарларды төсеу жұмыстарын жүргізді. Ауа райының жағдайына және өткен жылдың күзінде жүргізілген жұмыстарға байланысты жолдардың кейбір учаскелерінде деформацияланып, жол төсемінің ақаулары анықталды. Мердігер ұйым кепілдік міндеттеме шеңберінде (өз есебінен) Сайын көшесі бойынша Жандосов көшесінен батыс және шығыс бойынша Райымбек даңғылына дейінгі, оның ішінде Сайын көшесі мен Ұлықбек көшесінің қиылысы учаскесіндегі ақауларды жою бойынша жұмысты бастады. Барлық жұмысты аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 1-1,5 апта, – дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.